Нұр-Сұлтан
Қазір
-2
Ертең
5
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

Ақтөбедегі оқушының өліміне қатысты денсаулық сақтау министрлігі пікір білдірді

Ведомство өкілінің айтуынша, қазіргі таңда жеткіншектің өліміне қатысты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

“Қыз баланың анасы жедел-жəрдем шақырған. Онда баланың дене қызуының көтеріліп, талып қалды деп айтқан. Жедел-жəрдем диспетчері төртінші деңгейлі шақырту деп есептеген. Мамандар келіп жеткенше, қыз бала көз жұмған”, – дейді маман.

Ақтөбедегі оқушы өлімі: Денсаулық басқармасы жедел жәрдемнің кеш барғанын растады

Сонымен бірге ол, қазіргі таңда сот-медициналық сараптама жүріп жатқанын алға тартты.

“Диспетчер төртінші деңгейлі көмек деп есептеген, алайда шынтуайтында бірінші деңгейлі көмек қажет болған. Яғни, мұндай жағдайда заң бойынша 10 минуттың көлемінде жедел-жəрдем келуі керек еді. Мəселемен құзырлы органдар айналысады.

Балақайдың ата-анасына қайғыра көңіл айтамыз”, – деді министрлік өкілі.

Еске сала кетейік, Ақтөбеде дене қызуы көтеріліп, талып құлаған жеті жасар қыздың көз жұмғаны хабарланған еді.

Оқиғаға пікір білдірген ақтөбелік дәрігерлер қайғылы оқиғаға жедел жәрдем қызметінің 49 минут кешігіп барғаны себеп болғанын растаған еді.

Марқұмның анасы Динара Баймағамбетованың сөзінше, ол тап осылай екінші қызынан айрылып қалған. Көп балалы ана дәрігерлердің үстінен полицияға шағым түсірген.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз