Нұр-Сұлтан
Қазір
3
Ертең
6
USD
444
-0.87
EUR
476
-0.84
RUB
4.82
0.00

Ақтөбедегі дау: Марқұмдарды да жақсылық жасауға мәжбүрлейтін болған ба?

101

Жақсылық Досқалиев

Ұлыңыз жақсылық жасады деп ойлаңыз

Жағдайды түсіндерген

Досқалиев мырза баласынан айырылған әке-шешеден әріптестері үшін кешірім де сұрамапты, тіпті, баласының дене мүшесі кімге бұйырғанын да айтпапты.

Дегенмен ресми өкіл көңіл айтып, басу айтуды ұмытпапты.

Жақсылық Досқалиев, Республикалық трансплантация орталығының директоры:

– Туған-туыстарына қайғырып көңіл айтамын. Дегенмен бұл арада бәрі заң жүзінде болғанын айтқым келеді. Міне, осымен үшінші жыл, тірі кезінде ешқандай қолхат қалдырмаған қайтыс болған өлі адамның денесінен ешқандай сұраусыз органдар алынып жатыр. Ал, жалпы бұл істің өзі жақсылыққа жатады, балаларыңыз жақсылық жасады деп ойлаңыз.

Заң бойынша донор болған, сол секілді, органды салған адам туралы мәліметті жариялауға болмайды. Түсінесіз бе? Олай етуге қатаң тыйым салынған. Бүйрек салынды, жақсы жұмыс істеп жатыр, жағдайы жақсы. Ол адам бүйрек кімдікі екенін де білмейді, ол туралы айтудың қажеті де жоқ.

Бүтіндей жерлесін десеңіз, қолхат қалдырыңыз

Болашақта осындай түсінбестік болмас үшін, Досқалиев мырза қазақстандықтарға бір кеңес айтты.

– Қаза болған соң, донор болғысы келмейтіндер бас тартатын қолхат жазсын. Оны тіркелген емханадағы дәрігеріне өткізіп беруі керек. Бұл марқұмның тілегі мен таңдауын растайтын ресми құжат болады, – дейді.

Біз қарастыра келе, Қазақстанда мұндай заң 2005 жылдан бері қолданыста екенін анықтадық. Бірақ ол заң бертінге дейін жұмыс істемеген, тек соңғы кездері ғана оны дәрігерлер қолдана бастапты.

Заң – „Келісім презумпциясы„ деп аталады.

11 жыл істеп тұрған заң туралы неге ешкім білмейді?

Қолданысқа енгізілгеніне 11 жыл болса да бұл заңның жиі қолданылмау себебін Сызғанов атындағы хирургиялық ғылыми орталықтың директоры Баймаханов Болатбек мырза „Здоровья Казахстана„ журналына берген сұқбатында былай түсіндіреді:

– Егер аурухана қабырғасында қайтыс болған адам көзі тірісінде өзінің органдарын алуға тыйым салатын қолхат жазып қалдырмаса, онда туған-туыстарының рұқсатынсыз-ақ оның мүшелерін алуға болады. Ондай заң көп мемлекетте бар. АҚШ-та, Еуропа елдерінде, Ресейде, Белоруссияда және тағысын тағы.

Мәселен, ол заңның бізде істеп жатқанына 11 жыл болды. Бірақ іс жүзінде ол орындалып жатқан жоқ. Неге? Өйткені біздің дәрігерлер қорқады.

Бізде науқастың өліп кетуін дәрігерлерден көрген қаншама іс болды? Органын алу үшін әдейі істеді деген айыптар да тағылып жатты. Ал баспасөзге не керек, мұндайда ду еткізеді. Сондықтан дәрігерлер тайсақтайды, бірақ осынысымен олар „Келісім презумпциясы„ заңын бұзып отыр, – дейді ол.

Заң орындалмаған соң, адамдар ол туралы қайдан білсін? Біздіңше, бұл арадағы мәселе осында секілді, негізі.

Сондай-ақ осы сұқбатында Баймаханов Болатбек мырза біздегі діни ұйымдардың донорлықты қолдайтынын, тіпті, ислам мемлекеті саналатын Иранда бізде тыйым салынатын адам органы саудасына заңды түрде рұқсат берілгенін де айтыпты.

Дін трансплантацияға қарсы емес

– Біз діни бірлестік ұйымдарының барлық басшысымен кездестік, олардың барлығы бірауыздан кез келген дін донорлықты қолдайтынын айтады. Өйткені

кез келген діннің басты қағидаты – қайырым, жақсылық жасау, ал донорлық – қайырымдылықтың бір түрі, біреуді аман алып қалу ғой.

Керісінше, өз басым, дінді ілік етіп, басқа бір адамның өмірін сақтап қалу үшін қаза болған туғанының органын беруден бас тартушыларды эгоист деп білем. Өлген адамға органның не қажеті бар? Бәрібір топырақ астында шіріп кетпей ме?

Мысалы, адам өлді делік, оның органын алып, біреуге бірден сала салады дейсіз бе? Жоқ. Кешіріңіз, бұл – үлкен процесс.

Біз донор орган пайда болған сайын кезекте тұрған 30-40 науқасты арнайы шақыртып аламыз. Тіпті, түн ортасында солай етуге тура келетін кез болады.

Шақырған науқастың барлығы келеді, көздеріне қарасаңыз, барлығында бір үміт бар. Дәлізде бәрі күтіп отырады. Бәрі:

„Маған жарап кетсе екен„ деп іштей тілейді.

Әрине, әйтеуір біреуіне жарайтын болады. Ал қалғандары ше? Ұнжырғалары түсіп кетіп бара жатады? Сондай кезде мен қатты жаман боламын. Дәрігер бола тұра, осынша адамның үмітін ақтай алмағаныма. Біздегі адамдардың донорлыққа қатысты түсінігі өзгергсе ғой, бұлай болмас па еді, шіркін!

Мысалы,

Иранда бұл адам органы саудасы әлдеқашан заңдастырылған. Ал Иран дегеніңіз таза мұсылман елі емес пе?

Баймаханов адамдардан қолхат алуды жүргізуші куәлігін алу кезінде жүзеге асыруды ұсынады. АҚШ-та солай екен. Жүргізуші куәлігін алған кезде алда-жалда апатқа ұшырасаңыз, органыңызды басқаларға беруге келісіміңізді бересіз бе деп сұралады. Сөйтіп, алынған жауап бірыңғай мәліметтер базасына енгізіледі.

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз