Нұр-Сұлтан
Қазір
15
Ертең
23
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Ақтөбеде жұмбақ жағдайда қайтыс болған қыздың екі бауыры да ауруханада жатыр

111

Бұл туралы 31 арнаға сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Динара Баймағабетованың екі ұлының гемоглобині төмендеп, салдарынан ауруханағ түсіп қалған. Алайда анасының сөзінше, 7 жасар қызының өлімінен кейін балалары шошып қалып, психологиялық зақым алған. Олардың дәрігерге жүгінуіне осы жайт себеп болыпты.

«Балаларым өз әпкесінің өлімін көзімен көрді. Сол жағдайдан кейін мазасызданып кетті. әсіресе 4 жасар Нұрбақыт үнемі жылап, Інжуді үйге алып келуімізді сұрайды», – дейді Динара Баймағабетова.

Еске сала кетсек, Ақтөбеде 7 жасар қыз түсініксіз жағдайда қайтыс болған еді. Бастапқыда дене қызуы көтеріліп, артынша денесі құрыса бастаған. шақыртылған жедел жәрдем арада 49 минут өткеннен кейін келген. Олар жеткенше оқушы қыз қайтыс болып кеткен-ді.

Ақтөбеде 7 жасар қыздың өлімінен соң жедел жәрдем диспетчері мен дәрігер жұмыстан шеттетілді

«Мен жыламауға тырысамын. Басқа балаларымды аяққа тұрғызуым керек», – дейді қайтыс болған Інжудің анасы.

Қайғылы жағдай орын алған үйге дәрігерлер көңіл айтып, кешірім сұрап келмеген.

Ал маман Ирина Украинцева қазіргі уақытта бұл отбасының психологиялық ахуалына мән беру керектігін айтты.

«Бұл жаста балаларда өлімнен қорқыныш пайда болады. Олардың көз алдында адам қайтыс болды. Бұл ұзақ уақытқа созылатын психологиялық зақым.

Ол балалардың алдағы өміріне де әсер етеді. Дәл қазір бұл отбасының әр мүшесіне психологиялық көмек көрсету қажет», – дейді психолог.

Динараның ұлдарымен бірге ауруханада күйеуі жатыр. Үйде тағы 6 баласы бар, анасы ауруханада жатқан балаларының жанында бола алмайды.

Ал отағасы отбасының жалғыз асырушысы. Ендігі отбасы 70 мың теңге көлеміндегі ипотекалық төлемді қалай төлерін білмей отыр.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз