Нұр-Сұлтан
Қазір
23
Ертең
18
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

Ақтөбеде төртінші қабаттан құлап кеткен келіншектің туыстары мән-жайды айтты

Жұмыстағы күйеуіне қоңырау соққан.

“Терезенің алдында отырмын, өмір сүргім келмейді” депті. Мүмкін басқа үйден шошынды ма, кім білсін… Ортаға үйрене алмай жатырқады ма деп те ойлаймыз. Бірақ, ақыл есі сау”, – дейді марқұмның туысы.

Туыстарының айтуынша, жас жұбайлар “Нұр сити’ ауданынан екі ай бұрын ғана үй алған екен. Жігіт баспаналы болған соң бір айдан кейін той жасайды.

https://kaz.365info.kz/akhtobede-omirden-tynilgen-kelinshek-biikten-sekirip-oldi-333509

Қазір қыздың туыстары болған жағдайға түсіне алмай отыр. Марқұм келіншек ата-енесімен бірге тұрған.

“Өзі еңбекқор еді. Жастайынан жұмыс істеді. Ыдыс-аяғына дейін өзі алды, саудасын жасады. Ешкімге салмақ салған жоқ. Назкен десе Назкен еді. Нәзік болатын. Жұмбақ өлім. Ішіңді күйдіреді”, – дейді апасы.

Туыстары марқұмның денесін сот-медициналық сараптамадан бүгін алады.

Еске сала кетейік, әлеуметтік желіде 26 жастағы тұрғынның төртінші қабаттың терезесінен құлап, көз жұмғаны жайлы ақпарат тарады.

Қазіргі уақытта аталмыш факт бойынша “өзіне қол салуға итермелеу” бабымен қылмыстық іс қозғалған.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз