Нұр-Сұлтан
Қазір
10
Ертең
16
USD
482
0.00
EUR
532
0.00
RUB
5.07
0.00

Ақтөбеде сыныптасын өлтірді деген “Алтын белгі” иегері өмір бойына сотталуы мүмкін

Басылым атап өткендей, сотта өлген оқушының әкесі Ақтөбе полициясында жұмыс істейтіні айтылды. Басты сот талқылауын 3 қыркүйекте өткізу жоспарланған.

https://kaz.365info.kz/kirsh-etkizgen-altyn-belgi-iegerinin-kholynan-koz-zhymgan-tylektin-anasy-barin-ajtyp-saldy-321380

№19 мектептің түлегі Азат Дүсіпов 17 маусымда “Ақтөбе” — “Ордабасы” ойынынан кейін бірнеше сағаттан соң қаза болды. Азаттың достарының айтуынша, күдікті мен марқұм сол күні Орталық стадионға барған, бірақ бір-бірімен таныс болмаған. Жанжал  Тургенев көшесіндегі жатақхана ғимаратының артында түнгі сағат он екінің кезінде шыққан. 17 жастағы жігіт тамағынан пышақ жарақатын алып, облыстық балалар клиникалық ауруханасында көз жұмды.

https://kaz.365info.kz/akhtobede-18-zhasar-zhigit-pyshakh-zharakhatynan-khajtys-boldy-320297

Бекназ К-ге 8 тамызда, туған күнінде айыптау актісі тапсырылды. Оған 99-баптың 9 және 2-бөлігі бойынша айып тағылып отыр. Бұл баптар бойынша 15 жылдан 20 жылға дейін немесе өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

 

Дерек көз:Sputnik.kz.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз