Нұр-Сұлтан
Қазір
0
Ертең
11
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Ақтөбеде сәбиін өлі туған келіншектің жақындары перзентханада шу шығарды

“Босанамын десем, жоқ әлі бір-екі сағат күтесіз дейді. Күшенбе, күшенбе деді. Мен туып қойдым жарты сағатқа жеткізбей”, – дейді Асылзат Тұрар.

Асылзаттың анасы мен енесі де екі күннен бері перзентхана жағалап жүр. Айы-күні жетіп осында жеткізілген келіншекті дер кезінде неге босандырмағандарына ашынады.

Дәрігерлер Асылзаттың сәбиінің перзентханаға келгенде жүрегі соғып тұрғанын айтады. Бірақ осыдан сегіз жыл бұрын қабылданған заңға сәйкес толғағы піспеген келіншекті уақытынан ерте босандыруға құқықтары жоқ екен. Сондықтан кем дегенде 24 сағат күтуге мәжбүр болдық деп отыр.

“Гипоплазия деген баланың жолдасы. Ол өзінің көлеміне, өзінің салмағына жетпейді. Сосын бізге түскенде суы кетіп түсті. Күні жетілген жоқ. Жаңағы заң бойынша клиникалық протоколдар бар. Солар бойынша 24 сағат біз күтеміз”, – дейді Ақтөбе облыстық перинаталдық орталығы директорының орынбасары Сәнтай Бержанова.

Қазір баланың өлі туылуына байланысты гистологиялық сараптама тағайындалған. Соның қорытындысы шыққанда ғана дәрігерлердің әрекетіне баға берілетін болады. Ал облыстық перинаталдық орталықта жыл басынан бері 13 сәби шетінепті. Дегенмен, мұнда денсаулығында ақауы бар ана мен бала түсетінін де айта кетейік.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз