Нұр-Сұлтан
Қазір
-8
Ертең
-14
USD
525
+13.36
EUR
552
+11.86
RUB
4.93
+0.20

Ақтөбеде пойыз жолсерігі ақша жоғалтып алғаннан кейін асылып қалған

“Осы жолы да солай болған. Абай жолсеріктен бір миллион 100 мың теңге беріп жіберіп, жолсерік оны өз вагонының купелерінің бірінде жасырып қойған”, – деді Самит Нұркен. Заңгердің айтуынша, осы жолы пойызда көлік полициясының екі қызметкері тексерген. Шалқардан Ақтөбеге қайтатын жолда олар жолсеріктің вагонына кіріп, купе беруін сұраған. Олар Ембі станциясында түсетін туысымен сөйлесіп алғысы келген.  “Жолсерік полицейлерді қаражат жасырынған купеге жатқызып, өзі шаруаларымен шығып кеткен.

“Пойыз Қандыағаш станциясына жақындағанда полицейлер купеден шыққан. Осы кезде жолсерік ақшаны көруге барып, жоқ екенін анықтайды. Жолсерік бірден полицейлерге барып, ақшаны қайтаруын сұрайды. Бірақ полицейлер ешқандай да ақша алмағанын айтып жауап берген. Өздерін ақтап алу үшін полицейлер желілік полиция бөлімінің қызметкерлерін шақыртқан, – деді Самит Нұркен.

Ал марқұмның әпкесі Гүлнар Ысмағұлова полицейлер бауырын бопсалады деп есептейді. “Бірнеше күннен кейін Әділбек қаражаттың жоғалу дерегі бойынша Шалқардағы полицияға шақыртылды. Бара жатқанында кәсіпкер Абайдың өкілдері кездестіріп қалған. Олар нотариус арқылы қолхат беруге көндірген”, – деп мәлімдеді ол.

Самит Нұркен де Әділбектің қолхат жазып бергенін растап отыр. Марқұмның туыстары қырқы өтпей жатып келсе ғана кәсіпкерге қарызын қайтаратынын айтып, шарт қойған. “Айтылған күні жерлеуге ешкім келмеді. Келесі күні бізге адвокат Рүстем келді. Абайдың қол тимейтінін айтты. Сосын біз тіпті де ешқандай ақша қайтармайтынымызды айттық, себебі бұл құрметсіздік. Әділбек саудагердің қысымына шыдай алмай, асылып қалды ғой. Бауырымның телефонындағы соңғы хабарлама Абайдан келген. Онда саудагер “Ақша қайда?” деп сұраған”, – деді марқұмның әпкесі.

Заңгердің айтуынша, қазіргі уақытта шалқарлық кәсіпкер марқұмның туыстарынан қарызды сот арқылы өндіріп алмақшы. “Ақшаның жоғалуы дерегі бойынша полиция әлі күнге тергеу жүргізіп жатыр. Ал өз-өзін өлтіру дерегін ешкім тергеп жатқан жоқ”, – деді ол. Осыдан кейін басылым тілшілері саудагердің адвокатынан пікір алғысы келген, алайда ол жауап беруден бас тартыпты.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз