Нұр-Сұлтан
Қазір
7
Ертең
8
USD
449
+0.25
EUR
477
-1.21
RUB
4.77
-0.02

Ақтөбеде өзін зорлаған жоқ деген қыз бес жылға сотталды

103

Бойжеткен 3 жылдан кейін түрмеге қамалады, деп жазады “Диапазон“.

Биылғы тамыз айында Кірпішті ауылының маңындағы Елек өзенінің жағасында үш жігіт таныс қызын зорлады. 28 жастағы қыз олардан қашып кеткен. Оны жергілікті тұрғындар көріп, полиция шақыртқан еді. Бастапқыда бойжеткен жігіттердің өзін зорлағанын айтқан еді.

Кейін жігіттермен өз еркімен жыныстық қатынасқа  түскенін, олардың бірі өзін ұрғанын айтты. Ол айыпталушыларды қылмыстық істен босатуды сұрады.

Сот үш жігіт қызды зорлаған деген шешімше келіп, айыптыларды соттады. Осыдан кейін жәбірленуші мұның жалған екенін айтқанымен сөзін дәлелдей алмады.

Сот қызды жалған ақпарат айтты деп, 5 жылға бас бостандығынан айырды. Алайда оның кіші баласы бар болғандықтан, ол 3 жылдан соң жазасын өтемек. Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз