Нұр-Сұлтан
Қазір
8
Ертең
20
USD
449
+0.08
EUR
478
+1.11
RUB
4.76
-0.01

Ақтөбеде өрт кезінде мерт болған ауыл әкімі “Ерлігі үшін” медальге лайықты деп танылды

Ақтөбе облысы, Әйтеке би ауданы, Сұлукөл ауылында мал жайылатын даладағы құрғақ шөп өртеніп, оны өздігімен тежеуге тырысқан ауыл әкімі Батырбек Бірлепесов, мұғалім Жолдыбек Әбдісәлімов, мектеп күзетшісі Жомарт Смаилов және шаруа қожалығының жұмысшысы Жаңабай Әбішев қаза болған еді. Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты шара кезінде Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев ауылды аман алып қалу үшін аянбай еңбек еткен марқұм Батырбек Бірлепесовке «Ерлігі үшін» медалін табыс етті.

Медальді қаза болған ауыл әкімінің ағасы алды.

«Бауырым әрі балам еңбекқор, халық үшін аянбай жұмыс істеген адам. Ол ауылда, ауданда мемлекеттік қызметте еңбек етіп, кәсіпкерлік салаға бетбұрды. Басқа салада жұмыс істеп жүрген кезде оны ауыл әкімі болуға шақырды. Ауылда әкім болғанына 2 жыл өтті. Сұлукөлде болған оқиғаны төтенше жағдай деп қабылдап, ешкімге кінә артқанымыз жоқ. Біз бауырымыздың еңбегі еленіп, марапатқа ұсынғанына ризамыз»,- деді Әбдіғани Қошанов.

Айта кетейік, қаза болған Батырбек Бірлепесовтың отбасы Ақтөбе қаласына көшіп келген. Үш немересін Әбдіғани Қошанов бауырына басып, бағып отыр. Төтенше жағдай кезінде асыраушысынан айырылған отбасыға мемлекеттік өтемақы берілді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз