Нұр-Сұлтан
Қазір
1
Ертең
1
USD
450
-0.49
EUR
487
-1.57
RUB
4.86
0.00

Ақтөбеде мектеп басшылығы хиджаб кигендерді озат оқушылар тізімінен алып тастаған

144

6 -сыныпта оқитын Фатима екінші тоқсан басталғалы сабақтан шеттетіліпті. Бұған мектеп формасына бағынбай, орамал таққаны себеп болған екен. Оқуда озат, үлгілі оқушы жақында мектептегі  үздіктер тақтасындағы суретінің алынып тасталғанын естіп, ұстаздарыма қатты ренжідім дейді.

“Бірінші тоқсанда осы сурет тұрды. Бірақ екінші тоқсанда алып тастаған. Қаншама жылдар бойы постоянно қарағанда суретім тұратын еді, енді осы жолы алып тастағанына өте қатты ренжимін. Басқа беске оқитын кластастарымның суреті тұр. Тек қана менікі жоқ”, – дейді Фатима Қатпан.

Бұл мектепте орамал үшін кіре алмай жүрген Фатимадан өзге тағы бес оқушы қыз бар.

“Үш апай тұрды. Олар завучтар, бізді итеріп кіргізген жоқ. Ол кезде милиция шақырттық. Олар дым да істей алған жоқ. Келесі күні қайтадан барып едік уже 9-10 сынып оқушыларын, техничка бәрін жинап алған, бізді кіргізген жоқ. Осы күнге дейін солай болып келе жатыр”, – дейді оқушы Мадина Темірғали.

Ал мектеп талабына бағынғысы келмейтін ата- аналар болса керісінше мектеп басшылығы балаларымызға қарсы заңсыз әрекет жасап жатыр деп санайды.

“Мектепте уже ұялады уақытында баруға. Кешігіп барды да ешкім болмаған соң кіріп кетті класына. Сол бойда тек анау кіріп кетті деп ана жерде бір қылмыскер кіріп кеткендей у-шу болды да қалды. Содан завуч келді, директор келді.  Сол мезетте менің көзімше тәрбие завучына бұйрық берді шығарыңдар деп.  Ол барып қызымды жылатып шығарып жіберді. Мен видеоға түсіріп алдым”, – дейді ата-ана Салтанат Ермекова.

Ал мектептің талабы қыздардың басындағы орамалдарын шешу. Білім және Ғылым министрлігінен келген 26-шы бұйрықты ұстанған олар оқушыларды бастарындағы орамалдарын шешпейінше мектепке кіргізбейміз деп отыр.

“Мектепке келгенде бала орамалын шешіп тастау керек. Себебі осы мектепте мыңның үстінде бала бар. Неге осы мектептегі бес, он бала орамалмен жүру керек? Бала біздер үшін бәрі бірдей. Оған бекітілген бұйрық бар. Сол бұйрықпен мектеп формасы сақталу керек. Басқа бізде талап жоқ. Орамалын шешсе кіре алады. Бүгін кіре алады даже”, – дейді Алға аудандық білім бөлімінің басшысы Марат Төлеуов.

Осылайша екі талапты ұстанған екі тарап бір бірімен келісімге келе алмай дал. Мектеп басшылығы балаларын сабақтан қалдырғаны үшін ата-аналарды әкімшілік жауапкершілікке тартамыз десе, ал ата-аналар қыздарымызды мектепке кіргізбегені үшін білім ордасын сотқа береміз деп отыр.  Ал үздіктер тақтасынан алынған Фатиманың суретін басындағы орамалды шешкеннен кейін қайта ілеміз дейді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз