Нұр-Сұлтан
Қазір
-5
Ертең
-12
USD
495
-0.33
EUR
521
-1.69
RUB
4.91
-0.03

Ақтөбеде лифт жаншып өлтірген тележүргізушінің қызы бас жарақатымен ауруханаға түсті

Ал, бас дәрігер болса марқұм тележүргушіні аман алып қалу мүмкін емес болғандығын айтты.

“Жедел жәрдем жеткенде келіншек көз жұмған. Қасында кішкентай қызы жылап отырды. Бүлдіршін шошынып қалған. Бас жарақатын алыпты. Оны балалар ауруханасына жеткіздік. Ал келіншектің аман қалу мүмкін емес еді. Себебі қан тамырларының барлығы үзілген”,-дейді Ақтөбе облыстық жедел жәрдем бекеті бас дәрігерінің орынбасары Дастан Панақызы.

Қазіргі таңда ҚР ҚК 278 бабы 2 бөлігі бойынша сапасыз құрылыс кесірінен адам өліміне әкеліп соқтыру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Естеріңізге сала кетейік, оқыс оқиға 2018 жылдың 4 сәуірінде 12 ықшам ауданының №19 үйінде болды. Әйел лифтке үш жасар баласымен бірге кірген. Дәрігер мамандардың айтуынша, ол лифт кабинасына толық кіріп үлгермеген. Осыған қарамастан лифт төменгі қабатқа қарай жылдам жүріп кетеді.

 

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз