Нұр-Сұлтан
Қазір
4
Ертең
6
USD
445
-1.34
EUR
474
-1.25
RUB
4.76
-0.02

Ақтөбеде күннен қуат алатын заманауи киіз үй құрылды (фото)

167

Ақтөбе қаласының Сазды өзені маңындағы қырда алты қанатты киіз үй орнатылды. Екі қабатты киіз үйге ірі қара бағатын бақташы мен оның көмекшісі қоныстанған.

үй2

Әр жылқыда GPS новигатор бар. Әрі биік жерге бейнебақылау камерасы қондырылған. Бұл жайылымда жүрген малды бақылап, қарап, қажет кезде айдап келуге ыңғайлы құрал.

«Алғашында желден қуат алатын қондырғыны алып, тәжірибеден өткізген едік. Жел қатты соққан күні техникалар істен шығып, күннен қуат алатын батареяларға көштік. Өте ыңғайлы. Күннен қуат алып, бұлақ суына матор орнатып қойдық.

үй1

Қазір су үздіксіз келіп тұр. Теледидар қарап, бейнекамералар арқылы жайылымды қарап отыруға болады»,- деді кәсіпкер Ербол Байжарқынов.

Күннен қуат алатын батареямен жабдықталған киіз үйдің кереге, уық, шаңырағы бар. Тек пластикалық есік қондырылып, қабырғасы лего кірпіштен қаланған. Үйдің іші киізбен қапталды. Үй қыста пешпен жылытылады.

үй

«Киіз үй заманауи үйден кем түспейді. Жуынатын бөлме, дәретханасы бар. Төменгі қабатта бақташы тынығады. Жатын бөлме жазда салқын, қыста жылы болады. Ыстық кезінде салқындатқыш пайдаланбаймыз»,- деді кәсіпкер. Кәсіпкер Ербол Байжарқынов алты қанатты 10 киіз үйді Ақтөбе қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің жанына орнатуды көздеп отыр.

Этноауыл қала тұрғындары мен қонақтарының сұранысына ие болатынына сенімді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз