Нұр-Сұлтан
Қазір
8
Ертең
5
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

Ақтөбеде қала тұрғынын жерлеу 80 мың, ауыл тұрғынын жерлеу 30 мың теңге болып бекітілді

«Салттық қызметтердің бірыңғай орталығында» 60 адам жұмыс істейді. Серіктестік заңгері Асхат Өтешовтің айтуынша, жұмысшылар қала маңындағы үш зиратты қоршай бастаған. Солардың бірі — Ақжар ауылы маңындағы мұсылман зираты маңына серіктестік «Жерлеуге тыйым салынады. Айыппұл 20 айлық есептік көрсеткіш» деп жазып қойған. Ақжардағы зират әлі қоршалып бітпеген. Маңайдан жұмысшылар да, күзетшілер де байқалмады.

Жерлеу құнына кісі жерленетін орынды қазып, көміп беру, зираттардың күтімі, оларды вандализмнен қорғау, мәйіттің аты-жөнін, қайтыс болған күнін, қай жерге жерленгенін электрондық базаға енгізу жұмыстары кіреді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз