Нұр-Сұлтан
Қазір
-5
Ертең
-2
USD
450
+0.72
EUR
490
+1.14
RUB
4.89
+0.01

Ақтөбеде келіні инсульт алған қайын атасын қаңғыбастар үйіне тастап кетті

Құжаттары дайын болған соң олар жұмысқа тұрып, кейбірі отбасымен қайта қауышып жатады. Баласының, бауырының жанына қайта оралатындар өте аз.

«Қалада қаңғыбастардың көбейіп кетуінде еш құпия сыр жоқ. Ауылдан қалаға жұмыс іздеп келеді. Таба алмаған соң көше кезіп, тапқанын тамақ етіп ішеді. Арасында ішімдікке салынғандары басым. Жолы болмағандар басқа адамдарды кінәлауға бейім. «Мені үйімнен қуып жіберді», «балам барымды тартып алды» деп айтатындар бар.

Адамдар қыста өте көп келеді. Бір түнде 28 адам келді»,- деді орталық директоры Сабырғали Дәулетов.

Аталған орталықта қазір 60-қа жуық адам бар. Көбі көше кезіп, далаға түнеуді, қыста орталықты паналауды әдетке айналдырған. Кейбірі құжаттарын түгендеу үшін орталық мамандарының көмегіне жүгінеді.

«Қазан айында орталыққа келіп, қазір құжаттарымды қайта қалпына келтіріп жатырмын. Келіншегім қаза болып, екі балам үйленді. Өзім 70 жасқа толамын.

Бұған дейін мал бағып, ауылда жүрдім. Енді күшім кетті. Сондықтан құжаттарымды қайта қалпына келтіріп, қарттар үйіне орналасқым келеді. Балаларымның отбасына араласып, кедергі келтіргім келмейді», – деді орталық тұрғыны Абай Саржалин.

Мұнда  Ресейден, Өзбекстаннан келген адамдар да жатыр. Кейбірі туған жерін, жылын, туыстарын білмейді. Ондай адамдарға құжаттарын қайта жасату мүмкін болмай тұр. Ал кейбірін туған-туыстары әкеліп тастап жатыр.

«Баласы, қызы, апасы, інісі бар қарияны есік алдына келіні әкеліп тастады. Біз оны емдету үшін аурухана жібердік. Себебі, инсульт алып, төсекке таңылған. Бәлкім мінезі нашар шығар, бірақ бағу керек. Оны жуындырып, күтім жасау орталық қызметкерлерінің міндетіне кірмейді. Қала көшесіндегі мүгедекті, қозғала алмайтын адамды бізге әкеледі. Әкелген соң біз оны қуып жібере алмай, қабылдаймыз», – дейді орталық директоры Сабырғали Дәулетов.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз