Нұр-Сұлтан
Қазір
15
Ертең
14
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Ақтөбеде кәсіпкер студенттерге арнайы асхана салып берді

166

Мұнда алкогольді ішімдіктерге тыйым салынған. Ал үлкен залдағы жас жұбайлар отыратын төрдегі орын киіз үй пішінінде жасалған.

Мұндай залдың ерекшелігі сол, жас жұбайлар отырған орнынан қозғалмастан арнайы лифт арқылы жертөле бөлмесіне түсе алады. Ол жерде дәретхана, сұлулық салоны бар. Сонымен қатар жертөледе үйлену тойына арналған киімдер жалға беріледі. Сондай-ақ, мұнда асүй де қарастырлыған.

«Бізде тойды есте қаларлықтай етіп өткізу үшін не істейтіндерін білемін. Ол үшін несие алады. Ендігі мейрамхананы жалға алудан үнемделген ақшаға жас отбасыға пайдалы бірдеңе алып беруге болады. Мен үйленген кезде бәрі әлдеқайда қарапайым еді.Әрі шығын да аз болатын. Үйдің ауласында шатыр құрып, қонақ шақыратын», – дейді кәсіпкер.

Салтанат залына табиғат бейнеленген суреттер ілінген. Тіпті олар терезедегі перденің де орнын алмастырған. Ербол Байжарқыновтың сөзінше, мұндай зал әлемнің еш жерінде жоқ көрінеді.

«Заманауи әрі жайлы болу үшін, ең жақсыларын қолдануға тырысып жатырмыз. Салтанат залының құрылысына жарты жыл уақыт қажет болды. Бүге-шігесіне дейін бақыладық. Зал тойдан бос уақытта бос тұрмайтын болады. Жертөледе кампьютер залы бар. Егер жатақханада сабақ оқуға мүмкіндік болмаса, студенттер ос жерге келіп, дайындала алады. Олар үшін мұндай қызмет те тегін ұсынылуда. Сонымен қатар  караоке де болады», – дейді Ербол Байжарқынов.

Салтанат залының ашылу рәсімінде кәсіпкер қонақтарды бай әрі мол дастарханмен қуантты. Сондай-ақ концерттік бағдарлама қойылып, айтыс өткізілді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз