Нұр-Сұлтан
Қазір
-13
Ертең
-9
USD
423
-0.47
EUR
503
-0.60
RUB
5.59
-0.01

Ақтөбеде із-түзсіз жоғалып кеткен кәсіпкер туралы ақпаратқа сыйақы тағайындалды

Ақтөбеліктер жоғалып кеткен 54 жастағы Кенжебай Алдашевты бір апта бойы іздеп жатыр.  Заречный полиция бөлімі, 6655 әскери бөлімі мен кинологтар да іздеуді жалғастырды. Бір апта ішінде радиусы 15 шақырым болатын жер бірнеше рет тексерілді.

Бірақ іздеу жұмыстары еш нәтиже бермей отыр. Бүгін отбасы Кенжебай Алдашев туралы кез келген ақпаратқа сыйақы беретінін мәлімдеді.

«Жолдасым Кенжебай Алдашевты бір аптадан бері таба алмай отырмыз. Тума-туыстарымыз, көрші, еріктілер, достары іздеуге қосылды. Күнде кешкілік жоспар құрып, таңертең шығып, іздейміз. Ол жездемізге таңғы 4:30 шамасында телефон шалып, «аяғым тоңды, талдан қармап тұрмын» деп айтқан.

Сол күйі телефонының қуаты таусылып, бірде сөніп, бірде қосып, сағат 6:30-ға дейін сөйлесті. Оқиға орнына барғанымен дәл таба алмады. Негізі 9 қараша күні шаруашылыққа барып, жол бойы үйге нан ала келемін деп айтты.

Қазір іздеуден еш нәтиже болмай тұр. Төтенше жағдай қызметі, полиция іздеді. Қазір өзім бақсы, балгер жағалап жүрмін. Кез келген ақпаратқа сыйақы береміз. Ең болмаса денесі табылса деген ойымыз бар», – деді жұбайы Ғалия Алдашева.

Ақтөбеде туыстары мен ТЖД кезекшісіне хабарласып, көмек сұраған ер адам табылмай жатыр

Айта кетейік, Кенжебай Алдашев жеке шаруашылығында жүріп, күн сайын үйіне телефон шалып тұрған. Балалары хабарсыз кеткен әкесін іздеу үшін суретін шығарып, қазір қаладағы хабарландыру орындарына ілуге көшті.

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2020 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз