Ақтөбе облысындағы еттің қымбаттауы ірі қара малдың жұқпалы ауруға шалдығуымен түсіндірілді.
Бұл туралы “Деловой Казахстан” басылымы хабарлады.
«Қазір біздің облыстағы базарларда еттің бағасы қымбаттағаны рас. 1 келісі 1500 теңгеге дейін барды. Өткен жылы біздің өңірдің бірқатар аумағында ірі-қара мал тері ауруына шалдыққан болатын. Осыған байланысты тұрақтандыру қорына ет сатып алынбап еді. Сондықтан біз нарықтағы бағаны күштеп ұстай алмай отырмыз», – деді «Атырау» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясының басшысы Абат Тасымов.
«Біз етті “Құрманғазы” орталығынан сатып аламыз. Өйткені бұл компанияда біздің коропрацияның үлесі бар. Карантин енгізілге байланысты былтыр ет сатып ала алмадық. Содан кейін баға өсіп жатыр. Басқа өңірден ет сатып ала алмаймыз, оны сақтайтын бізде орын да жоқ», – дейді Тасымов.