Ақтөбе облысында екі баласымен із-түссіз жоғалып кеткен 26 жастағы әйел Талдықорғаннан табылды.
Бұл турлы облыстық Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Әйел жұмыс іздеп Талдықорғанға кеткен.
Жеңісгүл қызының туу туралы куәлігін жоғалтып алып үйіне қайта алмаған. Оларға алматылық жол полицейлері қызын құжатсыз Ақтөбеге дейін пойызбен жеткізуге көмектескен. Қазір әйел екі баласымен Қаражар ауылындағы үйлерінде. Енді ол 2 баласын ұзақ уақыт бойы мектепке жібермегені үшін айыппұл төлеуге мәжбүр.
Ал күйеуінің туыстары Жұмашеваны аналық құқығынан айыруды көздеп отыр.
Еске сала кетейік, 26 жастағы әйелдің 6 және 7 жасар балаларымен үйінен шығып кеткеннен оралмағанын хабарлаған едік.