Нұр-Сұлтан
Қазір
3
Ертең
11
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Ақтөбеде әлі де терроризм қаупі жоғары

133

“Полиция биыл соның 256-сын тексеріп шықты. Бұл нысандардың барлығында тексеріп-өткізу режимі енгізіліп, күзет қызметі заманауи инженерлік-техникалық құрылғылармен жабдықталуы тиіс болатын. Алайда тексеру қорытындысы маңызды нысандардың бірқатары әлі де жеткілікті деңгейде қорғалмай отырғанын анықтады” деп хабарлайды ІІД.

Полицияның мәліметінше,тексеруден соң 184 нысанның басшысына ескерту жасалған, 13-і әкімшілік жауапқа тартылған.

2016 жылы маусымның 5-інде Ақтөбеде белгісіз адамдар екі қару-жарақ дүкенін тонап, әскери бөлімге шабуылдаған. Ресми мәлімет бойынша, шабуыл мен атыстан 40 шақты адам жараланып, 20 адам қаза тапқан. Бұл шабуылдан кейін алты күнге созылған арнайы операция кезінде «діни радикал», «қарулы шабуылшы» деп сипатталған 18 адамның көзі жойылып, 20 шақты адам ұсталған.

Ақтөбедегі атысқа байланысты 29 адам сотқа тартылған. Оның 9-ы – түрлі қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны, оның ішінде «терроризм актісін жасауға тікелей қатысқандары» үшін, 18-і – «дайындалып жатқан қылмыс туралы хабарламағаны» үшін, екеуі – қылмысты жасырып қалғандары үшін екі жылдан бастап өмір бойына дейінгі бас бостандығынан айыру жазасына кесілген.

Бәтес Ерболат

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз