Нұр-Сұлтан
Қазір
16
Ертең
10
USD
446
-0.83
EUR
475
-0.80
RUB
4.78
-0.01

Ақтөбе тұрғыны ұйықтап жатқан өгей ұлын әйелінің көңілдесі деп ойлап, пышақ сұғып алды

942

Осы уақытта үйдің кішкентайлары балалар бөлмесінде ойнап жүрді, ал үлкен ұлы залда ұйықтап жатқан. От анасы автобус паркінде кондуктор болып істейтіндіктен, ол әлі жұмысынан оралмаған болатын. Сол кезде отағасы үйге кіріп, залда ұйықтап жатқан ер адамды көреді. Мас болған Рамиз әйелі бөтен еркекпен көңіл көтеріп жүр деп ойлап, істің мән-жайын анықтамастан қолына пышақ алып, ұйқыдағы жігіттің кеудесінен сұғып алады. Сөйтсе, залда ұйықтап жатқан ер адам көңілдес емес, Рамиздің өгей ұлы болып шықты. Рамиз өгей ұлын үш жасынан бастап тәрбиелеп келеді.

Ал ұйықтап жатқан 17 жастағы Алексей соққыдан шошып оянып, «не үшін» деп айқайға салды.

Ұйқыдағы жігітіттің өгей ұлы болып шыққанын көрген Рамиз не істегенін түсініп, тіпті тілі байланып, қолындағы пышағының қалай түсіп кеткенін де аңғармай қалды. Сол кезде ағасының дауысын естінен Рамиздің 12 жасар қызы бөлмеге жүгіріп келеді. Алексей кішкентай қарындасын шақырып, тез арада 103-ке қоңырау шалуын сұрайды. Үйге келген жедел жәрдем жігіттің көкірегін матамен орап, оны балалар ауруханасына жеткізеді. Онда Алексейге ота жасалды.

Ал таңертең полиция қызметкерлері өгей ұлына пышақ сұғып алған Рамизді ұстап, бөлімшеге алып кетті. Сараптама нәтижесі оның орташа ауырлық жаңдайда мас болғанын көрсетті.

Бақытымызға орай, Алексейдің жүрегіне бірнеше миллиметрге жетпеген пышақ күретамырға тимеген. Сарапшылар жарақатты ауыр жарақат ретінде сипаттады. Жастығына, денсаулығына және жедел медициналық көмектің арқасында 17 жасар бала аман қалды және ауруханадан шығарылды.

8 қарашада Ақтөбенің №2 қалалық сотында осы іс бойынша алдын ала тыңдалым өтті. Сотқа жәбірленуші Алексейдің қылмыс жасалған кезде 17 жаста болғаны анықталды. Демек, бұл қылмыстық іс кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған соттың қарауына жатады. Сол себептен №2 қалалық соттың судьясы Гүлнар Тілепова істі арнайы соттың қаралуына жіберді.

Тыңдалымға жарақаттан аман қалған Алексей мен анасы келді. Олар Рамиздің бұл әрекетін кешіргендерін айтты.

Айыпталушы болса сот алдында «кәмелеттік жасқа толмаған адамның денсаулығына қасақана ауыр зиян келтіру» бабы бойынша жауап береді. Сондай-ақ, бұл бап 5 жылдан 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруды көздейді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз