Нұр-Сұлтан
Қазір
0
Ертең
0
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Ақтөбе облысында құс фермасы бар кәсіпкер жұмбақ жағдайда жоғалып кеткен

139

Бұл туралы КТК арнасы хабарлайды.

54 жастағы Кенжебай Алдашов жарты жыл бұрын құс фермасын жалға алады. Жұма күні шаруа қожалығынан шығып, Ақшат ауылына келген. Бұл жақта таныстарын жолықтырып, түн ішінде облыс орталығына кетеді. Содан бері оны көрдім-білдім деген жан жоқ.

Із-түссіз жоғалған 54 жастағы тұрғын соңғы рет дәл осы Ақшат ауылы іргесіндегі өзен бойынан құтқарушыларға хабарласады. Ол өзінің ағашқа әрең ілініп тұрғаны турасында айтады. Бірақ содан бері онымен байланыс үзілген. Іздестіру жұмыстарына өңірдегі құтқару қызметінің мамандары мен кинологтар жұмылдырылған. Еркітілер де көмектерін беріп жатыр. Өзен аумағын квадракоптермен төбеден шолып та шықты. Бірақ еш нәтиже берер емес.

“Осы Ақжар ауылынан бастап, осылай қарай келе жатырмыз. Мына подхозы бар дейді 19 километр жерде. Соған дейін іздеп барамыз. Судың жағасымен, сай-сала шұңқырларды да қарап келеміз”, деді   іздестіру жасағының жетекшісі.

Кенжебай Алдашов фермадан шыққан күні туыстарына хабарласпаған. Тек адасып жүргенін айтып төтенше жағдай қызметіне ғана бір рет қоңырау шалады. Хабарласа алмаған. Ұялы телефоны сөніп қалған болу керек. Бір хабарласқан. Содан кейін жоқ. Қазір қар болмағанымен, күн қара суық.

Түнде сынап бағанасы минус 17-ге дейін жетіп тұр. Мұндайда далада қалған адамның үсіп қалу қауіпі бар. Сондықтан төтенше жағдайлар департаментіндегілер іздеуге шыққандардың саны көп болғанын қалайды. Ол үшін ұлттық гвардиядан жауынгерлерді көмекке жіберуді сұрапты.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз