Ақтөбе облысы Мәртөк ауылының 40 жастағы тұрғыны әйелін өлтіргені үшін 17 жылға сотталды.
Бұл туралы “Диапазон” газеті жазды. Басылымдағы келтірілген дерекке сүйенсек, ағасын жерлеген соң Денис Кураш әйелімен сөзге келіп қалған. Әйелі күйеуіне: “Сенің ағаңды туған-туыстарын сыйламайды, сондықтан оны жерлеуге ешкім келмеді” деп салған. Намыс қысқан еркек бұдан кейін әйеліне пышақ ала жүгіріп, оны 41 рет сілтеген. Одан кейін өлі әйелінің денесін дәретханаға тығып қойған. Ал әйелін іздеп келген туыстарына ол оны жедел жәрдем көлігі алып кетті деп айтқан.
“Мен неге бұлай еткенімді білмеймін. Оксананың туған-туыстарынан кешірім сұраймын. Бірақ маған ешқандай кешірім жоқ екенін жақсы білемін”, – деді сотта айыпты.
Басылым 31-наурызда сот Курашқа 17 жыл мерзім тағайындағанын жазады. Сондай-ақ колонияда оны алкогольге бейімділіктен күштеп емдейтін болады.