Ақтауда 23 шілдеде қатты жел салдарынан бес адам теңізге қарай 2,5 шақырымға алыстап кеткен. Оқиға «Бриз» яхт-клубы маңында болған. Жел күші оларды жағаға өздігінен қайта оралуға мүмкіндік бермеген.
Құтқарушылар оларды жағалауды бақылау кезінде байқап қалып, дереу көмекке жеткен. Абырой болғанда, ешкім зардап шекпеді.
Айта кетейік, бұған дейін тұрғындар құтқару бекеттерін әр шақырым сайын орнатуды сұраған. Қала әкімдігі бұл мәселе бойынша түсініктеме берген болатын.