Әлеуметтік желіде аралас жекпе-жек шебері Вусал Джафаровтың суреті тарады. Оның денесі бұзылып, әбден ісіп, қарайып кеткен. Ақтаудағы 3-шағын ауданда аралас жекпе-жек шеберінің денесі қоқыс контейнерлерінің жанынан табылды. Полиция департаменті мәйіттің 20 қыркүйекте табылғанын растады.
«Ер адамның мәйітін табу бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, тергеу жалғасып жатыр», – деді департамент өкілдері.
Әлеуметтік желі қолданушылары Вусал Джафаровты ұрып-соғып, денесі бірнеше күн көшеде жатып қалғанын хабарлады. Вусал Джафаров 1994 жылы 10 қаңтарда дүниеге келген. Ол кәсіби мансабын 2015 жылы бастады. Ол төрт жекпе-жек өткізіп, біреуінде жеңіске жетіп, үшеуінде жеңілген.