Ақтауда қызымен бірге үшінші қабаттың терезесінен секірген әйелді көшеден көршілері тауып алған.
Бұл туралы Lada.kz басылымы хабарлайды.
Оқиға 17 қазан, сағат 22:00-дер шамасында болған. Әйел мен қызды терезе түбінен тауып алған көрші жедел жәрдем шақыртқан.
“Олардың сырт киімдері, аяқ киімдері болды, әйел сөмкесімен бірге секірген. Жастық құшақтап секіргендеріне қарағанда, біреуден қашқан болуы керек. Олар пәтерден шығатын болса, есіктен шығар еді”, – дейді оқиға болған №29 пәтердің тұрғындары.
Әйел мен қыз секірген пәтер жалға берілетінін де айтты көршілер. Жедел жәрдем жәбірленушілерді Маңғыстау облыстық ауруханасының жансақтау бөліміне ауыр халде жеткізді. Анасы 40-та, қызы 15-те.
Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.