Нұр-Сұлтан
Қазір
17
Ертең
23
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Ақтауда ер адам ұлының өліміне кінәлі күдіктіні өзі жазалады

Темірлан (аты-жөні өзгертілді – агенттік ескерт.) өз ұлын Маңғыстау облысының тұрғыны Марат өлтірді деп күдіктенген.

Темірлан күдіктіні ұрлау мақсатында танысы Тимурдан көмек сұрап, үш мың АҚШ долларын беретінін айтады. Тимур үш ер адамды жалдаған.

Олар Маратты іздеп Жаңаөзенге келген. Марат үйден шыққан кезде қолын байлап, елсіз далаға алып келеді, ол жерде Темірлан күтіп алған.

Өлтіремін деп қорқытқан соң “күдікті” Темірланның ұлын өлтіргенін мойындайды. Осыдан кейін Темірлан құқық қорғау органдарына хабарласып, Марат қылмысты мойындағанын айтады. Дегенмен полицейлер Маратты қамауға алмаған.

Кейінірек Темірлан Маратты екінші рет ұрлап әкеткен. Ол үшін сыбайластарына төрт миллион теңге беруге уәде еткен. Маратты тағы да елсіз жерге алып келеді. Бұл жолы Марат Темірланның ұлын өлтіргенін мойындамайды. Содан кейін Темірлан оны ұрып өлтірген. Мәйітті сол жерге көміп кеткен.

Кісі өлтіргені үшін Темірлан 19 жылға, ал сыбайластары 16 жылға сотталды. Үкім заңды күшіне енді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз