Ер адам өлер алдындағы хатын өзімен бір аулада тұратын тұрғындарға арнаған.
Бұл жағдай 19 қараша күні 4 шағын ауданға қарасты №43 үйде болған. Өзінің күре тамырын кесіп өлген азаматты бірге тұратын қызы бірінші болып көрген,-деп жазды lada.kz
Ол бірден жедел жәрдем шақырған. Дәрігерлер қызға әкесінің қайтыс болып кеткенін түсіндірген.
«Оқиға болған жерден ер адамның соңғы хаты табылды. Ол өз хатында көршілерін кінәлаған әрі оларға алғысын айтқан»,-дейді көршілері.
«Ішінде бір қайғысы болған шығар. Жайдан-жай ешкім өлгісі келмейді»,-дейді марқұмның бір көршісі.
Ер адам қызын жалғыз тәрбиелеп келген. Оның әйелімен ажырасқанына 10 жылдай уақыт болыпты.
Қазір болған жағдайдың себебін анықтау мақсатында жергілікті ІІД қызметкерлері жұмыс істеп жатыр.