Ақтау қаласындағы №24 мектептің оқушысын ұрып-соққан балалардың ата-аналары ресми түрде кешірім сұрады. Instagram-дағы парақшада жарияланған видеода ата-аналар өз балаларының теріс әрекеті үшін кешірім сұрағаны көрсетілген. Жазбада жанжалға қатысқан төрт баланың ата-аналарының болғаны айтылады.
Зардап шеккен оқушының отбасы кешірімді қабылдаған. Еске салайық, оқиға 15 қараша күні №24 мектепте болған. Бір топ оқушы өз қатарласын соққыға жыққан. Маңғыстау облысының прокуратурасы бұл жағдайды өз бақылауына алды. Сондай-ақ, зардап шеккен оқушының ауруханаға жатқызылмағаны анықталды.