Нұр-Сұлтан
Қазір
3
Ертең
4
USD
450
-0.49
EUR
487
-1.57
RUB
4.86
0.00

Ақтауда алаяқтар ұсталды

«30 пайыз алғашқы жарнаны төлеп, одан әрі ипотеканы үстемесіз өтеуге болады» деген жарнамаға елең еткендер алаяқтың аймақтағы кеңсесіне асыққан. Осылайша ақтаулықтардың әрқайсысы 3 миллионнан 10 миллион теңге аралығындағы алғашқы жарналарын күдіктінің банктегі есеп-шотына аударған. Алайда қоныс тойын тойлау бақыты ешкімге бұйырмады. Құрғақ уәдеден шаршаған 35 тұрғын полицияға арыз түсіреді. Қазір күдікті мен екі сыбайласы қамауға алынып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жалғасып жатыр.

Тәртіп сақшыларының айтуынша, жалған тұрғын үй кооперативінің кеңсесі Алматы облысында заңды тіркелген. Демек алаяқтардың арбауына түскен азаматтар саны еліміз бойынша әлі де өсуі мүмкін.

Асхат Омаров, қалалық ІІБ басшысының орынбасары:

ҚР қылмыстық Кодексінің 190 бабы, 4 бөлігімен іс қозғалып, бұлтартпау шарасымен қамауға алу қолданылып, қазір абақтыда отыр. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр. 12 жылға дейін сот үкімімен кесілуі мүмкін. Біз қазір бұл кісінің қандай да мүліктерін, банктердегі шоттарын тексеріп жатырмыз.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз