Нұр-Сұлтан
Қазір
1
Ертең
8
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Ақтау тұрғыны баласын көршісі ұрып-соқты деп айыптауда (видео)

Басылым мәіметінше, аталған жағдай 1 қыркүйекте қаладағы ықшам аудандардың бірінде орын алған.

Әйелдің айтуынша, екі баланың арасындағы ұрыс газдалған сусын үшін туындаған. Оның ұлы көршінің баласынан лимонад сұрапты. Өз кезегінде көршінің ұлы рұқсат берген. Алайда Әсияның ұлы бөтелкенің қақпағын ашқанда, сусынның біразын төгіп алады.

Әсияның сөзінше, мұнан кейін балалар бір-бірін тепкілей бастаған. Бұл жағдайды көрші баланың анасы көрген.

«Ол менің ұлыма жүгіріп келіп, оны ұрып-соға бастады. …Ол ұлымды басынан, бетінен ұрып, аулада сүйреп жүрді», – дейді зардап шеккен баланың анасы.

Бұл кезде баланың ата-анасы үйде болмаған. Олар ауруханаға кетіпті. Сондықтан оқиғаға араласып, көрші әйелді тыныштандыра алмаған.

Әсия күйеуімен ауруханадан келгенде, ұлының жылап тұрғанын байқаған.

«Менің ұлым ол әйел өзін өлтіреді деп ойлапты», – дейді Әсия Устенко.

Ал сырттағы бейнебақылау камерасындағы жазба Устенконың сөзін растады. Ол жерде әйелдің баланы ұрып-соққаны көрінеді. Зардап шеккен баланың анасының сөзінше, мұндай жағдайдың болғанын көршілер де растаған.

Сонымен қатар Әсия Устенко ұлын дәрігерлерге қаратып, денесіндегі көгерген жерлер мен жаралар барын жаздырып алған.

Сондай-ақ, Ақтау тұрғыны полицияға шағым түсірді. Әзірге ІІД ресми пікір білдірген жоқ және екінші тарап та түсініктеме бермеді.

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз