7 наурызда Ақтаудағы №8 отра мектепте қайғылы оқиға болды, деп хабарлайды InAktau.
Қан қысымына жиі шағымданатын 38 жастағы әйелдің денсаулығы күрт нашарлап, сұлқ түсіпті.
8 наурыз мерекесіне дайындық кезінде алма турап тұрған жерінен құлап түсіпті. Келіп жеткен жедел жәрдем дәрігерлеріне мұғалімнің жүріп кеткенін анықтаудан басқа амал қалмапты.