Нұр-Сұлтан
Қазір
3
Ертең
3
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Ақшаңыздан айырылып қалмас үшін неліктен смартфоныңызға немқұрайлы қарамау керек

Телефонды қосу кезінде USB-порт арқылы да ақпараттарды беріп қоюға болады.

SMS-фишинг — сізге сілтемемен хабарлама жіберіледі. Ол сіздің банкіңіздің есебі, ақшалай төлем немесе сіздің суретіңіз болуы мүмкін. Файлды жүктеу арқылы, қаражатыңызды хакерлерге ұсынып қою қауіпі жоғары.

Әдетте хакерлер әйгілі адамдардың телефонын SS7 сигналдық хаттамасымен тыңдау арқылы, олардың есепшоттарындағы ақшаға иелік еткісі келеді.

Аппарат кенеттен жылдам қуаттала бастаса. Бұл дегеніңіз сіздің телефоныңызда бақыланбаған қосымша жұмысын бастап кетті деген сөз. Телефон қызып кетсе де аппарат та беймәлім қосымша іске қосылып кетті дегенді аңғартады.

Егер телефон өздігінен қосылып-өшіп, нөмірлерді теріп жатса және ол операциялық жүйенің ақауынан емес болса, онда сізді әлдекімдер тыңдап жатуы мүмкін.

Егер сізге сілтемемен смс-хабрлама келсе және ол жерде толық URL пайда болмаса оны ашпау керек. Егер телефоныңызды басқа біреудің компьютері арқылы қуаттасаңыз, онда “Тек қуаттау” (Только питание) дегенді белгілеу керек.

Паролді еске салатын режимді қолданбаған жөн. Сонымен қатар, Wi-Fi-нүктелерін таңдаған кезде күмәнді – FreeInternet, wifiFree секілді атауы бар желілерді таңдамаған дұрыс. Сондай-ақ, қоғамдық Wi-Fi-желі арқылы сатып алу, ақша төлемдерін жасаудың да пайдасы аз. Егер сіздің телефоныңыз Android болса, онда мықты антивирус бағдарламасын орнатыңыз.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз