Нұр-Сұлтан
Қазір
23
Ертең
18
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

Ақшаның елден шығуы жалғасуда: ақпан айында минус 60 миллиард

Фото: realitatea.net
Ұлттық банктің мәліметінше, 2021 жылдың ақпан айында ақша аударымдары жүйесі (ААЖ) арқылы елімізден тыс жерлерге 60,6 млрд теңге аударылған. Қаңтар айымен салыстырғанда аударым көлемі 11,2%-ға немесе 6,1 млрд-қа өскен. Егер 2020 жылдың ақпан айымен салыстырсақ аударылған ақша мөлшері одан да көп   – 38,3% немесе 16,8 млрд.

Аударылған қаражат көлемі бойынша алғаш рет Түркия көш бастап тұр. Өткен айда бұл бағытқа жөнелтілген ақша көлемі 15,6 млрд теңгені құрады. Алайда бұл рекордтық көрсеткіш емес: мысалы, 2020 жылдың маусымы мен күзінде көрсеткіштер бұдан да жоғары болған.

Екінші орында Ресей. Ақпан айында Ресейге14,7 млрд теңге жөнелтілген, бұл жалпы алғанда өткен жылдың ақпан айындағы (14,3 млрд) деңгеймен сәйкес келеді. Ең көп сұраныстағы бағыттардың үштігіне Қырғызстан кірді – бір жыл бұрынғы 9,3 млрд теңгенің орнына 11,5 млрд.

Жағымсыз үрдіс

Шетелге жіберілген аударымдар мөлшері артқанмен, кері бағыттағы ағын азайған. 2021 жылдың ақпан айында ААЖ арқылы Қазақстанға 21,6 млрд теңге аударылған. Бұл өткен жылдың ақпан айындағы деңгейден шамалы (72,7 миллионға) төмен.

Бұл ретте соңғы 21 айдың 20 айы ішінде біртіндеп төмендеу байқалады. Яғни

келіп түскен қаражат мөлшерінің азаю үрдісі тұрақты түрде жалғасуда

Қаражаттың негізгі аударымшысы тағы да Ресей болды – ақпан айында ол елден 4,1 млрд теңгеге жуық қаражат аударылған. Бұл 2020 жылғы деңгейден 42%-ға төмен, бірақ бұл үрдіс те жаңа емес: аударымдар көлемі жылдан жылға қатарынан 22 ай бойы төмендеп келеді.

Өзбекстан көшбасшы болуға сәл ғана жетпей тұр: айдың қорытындысы бойынша бұл елден келген қаражат көлемі ресейлік деңгейден 9,9 млн теңгеге аз болды.

Үшінші орында Корея. Бұл жақтан Қазақстанға 3,2 млрд теңге аударылған. Бұл да, сондай-ақ 2020 жылдың ақпан айындағы деңгейден әлдеқайда төмен (-16%). Дегенмен, Ресейден жіберілген аударымдар тәрізді, бұл үрдіс көлемінің азаюы да тұрақты сипат алып, жылдан жылға 11 ай бойы жалғасып келеді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз