ҚР Мәдениет және спорт министрі букмекерлерді көшіру немесе жауып тастау мәселесіне байланысты журналистермен пікір бөлісті.
«Бұл өте күрделі мәселе. Қазір арнайы заң әзірленуде. Оларды бақылау өте қиын, жаба салу да оңай емес, өйткені қазіргі букмекерлердің бәрі интернет арқылы да жұмыс істей береді. Біз халықаралық тәжірибені терең зерттеу үстіндеміз.
Букмекерлік контораларды өз табысының белгілі бір мөлшерін әлеуметтік жобаларға, спортты дамытуға міндетті ететін заң керек.
https://kaz.365info.kz/ojnap-zhyrip-milliarder-boldy-stavka-tigip-khatty-bajygan-adam-258836
Бұл біздің пікір емес, халықаралық тәжірибе сондай. Англияда Лондон Олимпиадасын өткізуге жұмсалған қаражаттың 32 пайызын лотерея ойнатқыштар мен букмекерлердің табысы құраған.
Букмекерлік бизнес – табысы аса жоғары сала. Бұл жерде олардың табысының ашық болғанын қалаймыз. Біздің міндетіміз осы»,
– деді министр сөзінің соңында.
https://kaz.365info.kz/khazakhstanda-khansha-kisi-khazakhsha-biledi-arystanbek-ministrdin-esebi-307922