Қаржы пирамидалары халықтың қаржылық сауатсыздығын пайдаланып, күреп ақша тауып жатыр. Ондайлар өте көп. Демек, жеке тұлғаны банкрот қылу үшін бізде әлдеқашан шабуыл басталып кеткен.
Әрине, алаяқтар десе, оған қарапайым жұрт сене қоймайды. Себебі аптасына проценттеп пайда тауып жүр ғой, – дейді қаржыгер-маман Ілияс Исаев kaz.365info.kz сайтына берген сұқбатында. Маманның пікірінше, қаржы пирамидасының артында тұрғандар – қор биржасының кәсіби білікті мамандары.
– Мұны Елбасының өзі де айтты. Қазақстанның әрбір азаматы қаржылық жағынан өте сауатты, бәсекеге қабілетті болуы тиіс, – деді ол кісі. Бұл – ескерту, сақтыққа шақыру. Өйткені капиталистік қоғамда жеңіл жолмен ақша табуды уағыздап, қалтаңды қағып кететін субъектілер көп.
Мысалы, ойын автоматтары, букмекерлік кеңселер, казино. Оның қатарына қаржы пирамидаларын әкеліп қосыңыз.
Сізді ол араға күштеп ешкім алып бармайды. Ақша тігуге өзіңіз бел буасыз, сондықтан ұтсаңыз да, ұтылсаңыз да ешкімге өкпеңіз болмауы керек. Мұны Үкімет те біледі. Сондықтан Үкімет те қамсыз, – дейді Ілияс Исаев.
https://kaz.365info.kz/taksidegi-angime-questra-kharzhy-piramidasynyn-uagyzshysy-shyndykhkha-shydamaj-ashulanyp-ketti-263525
Сөйткен маман Questra World – қаржы пирамидасының табысына жекелей тоқталды.
– Бұл компания ақша салған адамға аптасына 6 процент, айына 26 процент табыс береді. Біле білсеңіз, ең табысты құрал – мұнайдың өзі биржада мұндай рентабельділікті көрсете алмайды. Демек, бір-ақ жол бар бұл арада. Валюталық спекульяция, яғни елден жиналған ақша спекульяциялық жолмен көбейтіледі. Ендеше мұның артында тұрған адамдар – Forex қор биржасы немесе Future нарығының кәсіби білікті маман-ойыншылары. Кейбір уағыздары да ақылға қонымды. Сөздерінен брокерлерді тануға болады, – дейді Ілияс Исаев.
Қаржыгердің айтуынша,
ондайлар жеке адам түгілі, бүтін компанияны, тіпті бір мемлекетті банкрот қыла салады, аямайды, ақша үшін бәріне барады.
Алдында Үкімет ұлттық компаниялардың акциясын сататынын, оны халыққа да ұсынып, ІРО ойнатынын мәлімдеген. Осыған байланысты көптеген маман қаржылық сауаттылық курсынан арнайы өткізілген. Кейін ІРО туралы әңгіме сұйылып кетті. Ал сауат ашқан азаматтар енді қайтеді?..
„Алған білімдерін өз игіліктеріне осылай жаратып жатыр да„ – дейді маман.
https://kaz.365info.kz/bykil-el-bojynsha-tergeu-toby-khyryldy-questra-kharzhy-piramidasyna-tykhyr-tayandy-261913
Дегенмен ол ел азаматтарының қор биржасында заңды түрде ақша табуының ауылы алыс емес екенін айтады.
– Адам деген басына тимесе ешнәрсені ұқпайды ғой. Сондықтан Үкімет көресіні көрсін деп әдейі қамсыз отырған секілді. Тағы бір жағынан, ЕХРО-дан соң Астанада өңірлік деңгейде қаржы орталығы жұмыс істейді, ол кезде бізге үлкен ойыншылар келеді, сол үшін бұл алдын ала халықты бір бой жаздыру алу секілді, – дейді ол.
Сөз соңында Ілияс Исаев Үкіметтің қаржы пирамидаларынан ел азаматтарын неге қорғай алмайтынын былайша түсіндірді:
– Ұлттық экономиканы қаржыландырып, оны ынталандырып отыруы тиіс біздің Ұлттық банк табиғи, дәстүрлі эмиссиялық функциясын әлдеқашан жоғалтқан. Ол өзінің эмиссиялық функциясын тауарлық емес, валюталық нарыққа әлдеқашан беріп қойған. Содан кейін де бізде өсімқорлар мен спекульянттар көп. Ақшаны „үрлеп„ табыс табады біздің Ұлттық банк те. Енді нарықта одан бөлек спекульянттар пайда болып жатқанда оларға ол қалай ақыл айтады? Түк айта алмайды. Қауқарсыз ғой, өйткені.
https://kaz.365info.kz/kim-zhaman-ykimet-zhaman-deputat-questra-kharzhy-piramidasy-turaly-shyndykhty-ajtty-261522
– Жалпы спекульяциялық табысқа қызығып керегі жоқ. Оның бәрі арам дүние. Біреудің көз жасы бар ақша. Өзің де сорлап қалатын күн алыс емес. Өйткені бір басыңды тыққан соң ол жерден шығармайды Сізді.
Қазір ұтсаңыз, ертең бәрібір ұтыласыз. Мұның барлығы жалғандық, алаяқтық, – дейді Ілия Исаев.