Нұр-Сұлтан
Қазір
11
Ертең
10
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Ақшаны банктерде сақтау тиімсіз: депозит бойынша мөлшерлеме төмендеді

Фото: kapital.kz

Қазақстанда бүгінгі күні депозиттердің үш түрі бар – мерзімді, мерзімсіз және жинақ депозиттері. Сыйақы шегі біріншісі үшін базалық мөлшерлеменің көлеміне ғана байланысты болады. Ал қалғандары бойынша шекті пайыздарды қалыптастыру үшін көбірек шарттар қолданылады – салым мерзімі және толықтыру мүмкіндігі. 17 түрлі нұсқа бар.

2020 жылдың бірінші жартысында ай сайын депозиттердің шекті пайыздарының ондап өзгеруі қалыпты болып саналды. Бұл курс бағамының динамикасына, базалық мөлшерлеменің өзгеруіне және басқа да факторларға байланысты қаржы нарығындағы үнемі өзгеріп жатқан жағдайды білдірді.

Алайда, кейіннен өзгерістер сирек болды. Бұған тұрақты базалық мөлшерлеме де, қаржы секторындағы салыстырмалы тұрақтылық та әсер етті. Мәселен, соңғы 5 айда ең жоғары ұсынылатын мөлшерлемелер көлеміне бар жоғы 8 өзгеріс енгізіліпті. Және бәрі төмендеген.

Ұзақ мерзімді салымдарға сыйақы тағы да төмендеді

Бұл өзгерістердің екеуі мамыр айында күшіне енеді. ҚДКБҚ екі жылдық жинақ салымдары бойынша шекті мқлшерлемені төмендетуге шешім қабылдады.

Толтырып отыратын депозит ашқан кезде ол 11,3%-дан 10,9%-ға дейін төмендейді. Толықтырусыз болса – 12,8%-дан 12,4%-ға дейін.

Салыстыру үшін: 2021 жылдың басында сыйақының ең жоғары мөлшерлемесі тиісінше 11,7% және 13,2%-ды құрады. Ал 2020 жылдың шілдесінде одан да жоғары болды – 12,9% (толықтыру мүмкіндігі болған жағдайда) және 14,9% (толықтырусыз).

“Қысқа мерзімді депозиттер бойынша ең жоғары мөлшерлемелер Ұлттық Банктің базалық мөлшерлемесі деңгейінің сақталуына байланысты өзгеріссіз қалады. Нарыққа тәуелді болатын 24 айға салынатын жинақ салымдарын қоспағанда, ұзақ мерзімді депозиттер бойынша да мөлшерлемелер өзгерген жоқ.

24 айға салынатын жинақ салымдары бойынша мөлшерлемелердің болмашы төмендеуі оларға қатысты нарықтық мөлшерлемелердің теріс динамикасының сақталуына негізделген»,

– деп түсіндірді өз шешімдерін.

Бұл ретте екі жылдық жинақ салымдары бойынша ең жоғары пайыздар қатарынан үшінші ай бойы төмендеуде. Депозиттердің барлық қалған түрлеріне арналған шек (және бұл 15 түрлі комбинация) кем дегенде 2020 желтоқсанынан бастап өзгерген жоқ.

Депозиттер туралы не білу маңызды

Ең тиімсіз депозиттер – 3 және 6 ай мерзімге салынатын мерзімсіз және мерзімді депозиттер. Олар бойынша ең жоғарғы сыйақы 9% (толтырып отырудан бас тартқан жағдайда 9,5%) құрайды. Олардың артықшылығы – ақшаны кез-келген уақытта және айыппұлсыз шешіп алуға болады.

Депозитке ақша салудың ең тиімді жолы – толықтыру мүмкіндігі жоқ бір жылдық жинақ

Бірақ ақшаны кез-келген уақытта ала алмайсың. Бірақ бір жылдық сыйақы 14%-ға дейін.

Бір жылдық салымдар, кез келген жағдайда сол шарттармен ашылатын екі жылдық салымдарға қарағанда тиімдірек. Яғни, толықтырусыз 12 айға ашылған мерзімді салымның 24 айға ашылған депозитке қарағанда әлдеқайда пайызы жоғары.

Соңғы рет толықтырусыз жинақ салымдары бойынша ұсынылған ең жоғары сыйақы 2020 жылғы маусымда көтерілді. Қазан айында толықтыру опциясы бар депозиттер үшін өзгеріс орын алды. Толықтырусыз екі жылдық салымдар бойынша шек 10 айда жетінші рет төмендеді.

Бірдей мерзімге ашылған жинақ және мерзімді салым арасындағы сыйақы мөлшерлемесіндегі айырмашылық, егер толықтыру көзделмеген болса, 1%-дан 3,3%-ға дейінгі мөлшерді құрайды. Егер толықтыру бар болса, 1%-дан 2%-ға дейін.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз