Нұр-Сұлтан
Қазір
19
Ертең
23
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

“Ақшадан өлгендер”: Жанардың жерлеуіне қатысқан Түсіпбаева әріптестері туралы жазды

1460

Эстрада жұлдызы сахнаға 11 жылдан кейін оралып, артынша өмірін өлімге қиған “Арнаудың” бұрынғы солисін ақтық сапарға аттандырған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Жанарды жер қойнына тапсырып келген Меруерт Түсіпбаева Instagram желісінде өмірге қатысты жазба жариялап, аса маңызды тақырыптарда жан сырын ақтарды.

“Жанарды аттандырып, мең-зең болып, уйге келдім. Пендеміз. Періште аспанда ғана. Таласып-тармасып, көштен қалмайық деп тырысамыз.

Бір күні.. Камзолдай қысқа пішілген ғұмырымыз үзіліп, бір уыс болып, ақ кебінге оранып кете барамыз. Жиған-терген, дуние-боқ қалады.

Кеше бала ең, келдің ғой талай жасқа, Көз жетті бір қалыпта тұра алмасқа. Адамды сүй, алланың хикметін сез, Не қызық бар өмірде онан басқа” , – деп жазған ол.

Оған қоса жазбасын “Ұят! Обал! — бұл сөздердің мағынасын болашақта тек Википедиядан іздейтін боламыз… Кейбір әріптестерім үшін ұяламын! Құнығу… Ақшадан өлгендер-ай…” — деп толықтырған.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз