Нұр-Сұлтан
Қазір
14
Ертең
14
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

“Ақша жинай береді…”. Мектеп директорынан қысым көрген ұстаз министрден көмек сұрады

221

Бұл №1 Әлихан Бөкейханов атындағы гимназия. Он жыл осында математика пәнінен дәріс беретін Шолпан онсыз да ақша жинауымыз аздай алтын үшін айлығымызды беруге қарсымын дейді. Айтуынша, осыған қарсы болам деп директорының көзіне күйік болыпты.

Қазір бастығым ұжым арасында «ақ қарға» қылып қойды деп ұстаз жыларман. Жиналыста шамыма тиер сөз айтып намысымды таптады дейді. Онысын аудио таспаға басып алдым дейді. Айтқан жазбасы осы.

Айтса айтқандай-ақ жарыстарда жеңімпаз болған ұстаздарға алтыннан алқа тағу дәстүр екенін директор да растайды. Онысын әбестік көрмейтін сыңайлы.

“Алтын алқа емес мынандай кішігірім қолына цепочка тақтық. Енді бұл жерде облыстың аты шықты, қаланың мектептің аты шықты. Ұжымның өзінің бірлесіп отырып шешкен өздерінің ойы. Мұғалімге қолдау жасау. Енді бір сый жасалған ғой”, – дейді  №1 Әлихан Бөкейханов атындағы гимназия директоры Ләззәт Қызылғұлова.

Қалалық мәслихат депутаты әрі директоры Қызылғұлова ханым айтып отырған алқа соңғы рет үздік ұстаз дәрежесін алған мұғалімге жаңа жыл қарсаңында беріліпті. Әріптесіме сый-құрмет көрсетуге Шолпан да қарсы емеспін дейді. Тек алтын тақса мұғалімнің қалтасынан емес өз қаржысынан төлеуі тиіс деп санайды. Сондықтан енді директорын сотқа бермек.

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз