Нұр-Сұлтан
Қазір
0
Ертең
6
USD
444
-0.87
EUR
476
-0.84
RUB
4.82
0.00

АҚШ-тың Amazon платформасында алғаш рет қазақ комикстері сатыла бастады

255

Мадибек бала күнінен Marvel кейіпкерлерінен кем түспейтін, бірақ қазақ фольклоры негізінде жасалған комикс салып шығуды армандаған. Бірнеше жыл бұрын ол Ермек атты батырды ойлап тапты. Бұл комикстердің жанры — тарихи фэнтези. Ол жерде шынайы оқиғалар мен қиял-ғажайып ертегілердің элементі бар. Комикс Қазақ хандығының құрылған уақыты — XV ғасырды қамтиды.

«Бұл — біздің тарихымыздағы маңызды кезең. Сол себепті менің комиксіме осы уақыт арқау болып отыр», — дейді Мадибек.

2016 жылдың соңында жігіттер Қазақстанда Marvel комикстерін басып шығаратын Salben Comics басылымының көмегіне жүгінеді. Екі кітап басылып шыққанымен, сатылым жұмсалған қаражатты өтемеді.

«Біз оқырмандар мен сыншылар тарапынан жақсы пікірлер ғана естідік. Бірақ көп комикс сатылмады. Қазақстанда комикстерден бұрын отандық көркем әдебиеттің жағдайы мәз емес. Жас авторларға ешкім қолдау көрсетпейді. Ірі басылымдар бірегей туындыларға ақша салуға қорқады. Негізінен мұндай басылымдар мемлекеттің қолдауымен шығатын оқулықтардың арқасында күн көріп отыр. Осы себепке байланысты бұл мәселені мемлекетімізден тыс жерде қарастыруды жөн көрдік», – дейді Бекзат.

Достар өздерінің стартаптарына 3,5 млн теңге салды. Бұл ақша негізінен құрылғы сатып алып, мәтінді ағылшын тіліне аударуға және оны шығаруға жұмсалды.

«Amazon талаптарын орындау аттестациясынан үш ай бойы өттік. 2018 жылы 24 қаңтарда «Ermek the Batyr» комиксі сатылымға шықты. Болашақта біздің комикстердің желісімен фильм түсірілсе екен деп армандаймыз. Қазір Голливудке тың идеялар жетіспей отыр. Яғни жаңа тарихи оқиғалар әрдайым қажет», – деп Бекзат алдағы жоспарларымен бөлісті.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз