Миннеаполисте 27 мамыр күні кешке, Миннесота штатында Джорджа Флойдтың қаза болуына байланысты наразылық шеруі басталып кетті. Бір адам қайтыс болды.
25 мамыр күні Джордж Флойдтың қаза болуы наразылыққа себеп болды. Ер адам жалған құжаттарды пайдаланды деген күдікпен ұсталды. Оны ұстаған сәттің куәгері оқиғаны видеоға түсірген. Онда полиция офицерінің бірі ұстау барысында Флойдтың тамағын тізесімен басқанын және оның демала алмай жатырмын деген сөзін елемегенін көруге болады.Бірнеше сағат өткеннен кейін Флойд ауруханада көз жұмды. Полиция қызметкерлері жұмыстан қуылды.
Екі күннен кейін бейбіт шерулер жаппай тәртіпсіздікке ұласты.
Наразылық білдіргендер Миннеаполистегі полиция бөлімшесін қоршап алды, ал офицерлер оларға көзді жасаурататын газ шашып, резеңке оқ атып жауап қатты.
Шеруге шыққандардың кейбіреулері Флойдты ұстаған полиция офицері Дерек Шовеннің үйін қоршап алды. Көптеген адамоған қарсы адам өлтірді деген айып тағуға шақыруда.
Флойдтың өлімін тергеу жұмыстары әлі де жалғасуда. Округ прокуроры Майкл Фримен оны жеделдетеміз деп уәде берді.
28 мамыр күні түнде наразылыққа шыққандардың кейбірі машиналарды өртеп, дүкендердің сөрелерін қирата бастады. Тонау жағдайлары жиілеп кетті.
28 мамыр күні акцияға қатысушылардың бірі қаза тапты. Тәртіпсіздік барысында ешкім қамауға алынған жоқ.