Нұр-Сұлтан
Қазір
-7
Ертең
-12
USD
499
+3.47
EUR
520
-0.93
RUB
4.85
-0.06

АҚШ-тағы карантин: мемлекет жұмыссыз қалғандарға күніне $500 төлеп береді

256
Сурет: washingtonpost.com/Wong Maye-E

Халыққа әлеуметтік қолдау көрсету шаралары бойынша заң жобасы президент қол қойғаннан кейін күшіне енеді. Washington Post жазбасына сәйкес, бұл заң жобасының қабылдануына ешқандай кедергі жоқ. Себебі Трамп әкімшілігінің өзі бұл ұсыныстың бастамашыларының бірі. Кейбір шаралар, мәселен, ақылы еңбек демалысы немесе еңбекке жарамсыздық Американың әлеуметтік саласындағы революция. Дегенмен миллиондаған қызметкерлерді қамтуға мүмкіндік бермейтін бірнеше шектеу қатары бар.

Бұған қарамастан, заңнамадағы бұл өзгерістер коронавирустың таралуынан жапа шеккен адамдардың көбінің экономикалық көмек алуына мүмкіндік береді. Себебі карантиннің кесірінен көптеген кәсіпорындар жабылып, бірнеше саладағы, соның ішінде ресторандар мен әуе компанияларының табыс көзі қысқарды.

Сондықтан Конгресс табысы белгілі бір деңгейден төмен америкалықтарға тікелей төлем беретін үшінші шаралар жиынтығын қарастыруға кірісіп кетті.

Алдан ала болжам бойынша мемлекеттің әлеуметтік шаралар бойынша шығындары 1  трилион долларды құрайды

Қалай көмектеседі

1. Коронавирусты анықтайтын тестілер тегін жасалады

Яғни кез келген америкалық медициналық орталыққа келіп, тест тапсыра алады.  Бұл үшін ауру белгілерінің байқалуы міндетті емес. Шығындарды сақтандыру компаниялары мен Medicare немесе Medicaid секілді мемлекеттік медициналық бағдарламалар  көтеріп алады. Бұл медициналық сақтандыруы жоқ адамдарға да қатысты.

2. Еңбекке жарамсыздық мерзімінде де жалақы төленеді

Ауру жұқтырған қызметкерлерге 10 күн бойы еңбекке жарамсыздық мерзімі беріліп, ақы төлейді. Ақша бірден, қызметкер жалақысының 100% көлемінде төленеді, бірақ күніне $511 аспауы керек. Бұл ақшаны жұмыс беруші төлейді, алайда

мемлекет бизнестің түрі мен компанияның табысы мен көлеміне қарай 100% дейін  қайтаруға кепілдік береді

3.   Төтенше жағдайда ақылы еңбек демалысына шығуға болады

Мектептер жабылғандақтан балаларымен үйде отыруға мәжбүр болғандарға ақылы еңбек демалысы беріледі. Бұндай қызметкерлер мемлекеттен бір айлық жәрдемақы алады. Оның көлемі қызметкердің орташа айлық жалақысының үштен екі бөлігін құрайды. Бірақ күніне 200 доллардан артық болмауы керек

4. Азық-түлік қауіпсіздігі

Заң жобасы бойынша аз қамтылған отбасыларға арналған мемлекеттік бағдарламаларды пайдаланатын америкалықтардың азық-түлікке қолжетімділігін арттыру үшін 1 миллиард доллар жұмсалады (Тамақтану талондары, азық-түлікке жеңілдіктер, кішкентай балалары бар әйелдерге арналған қосымша тамақтар және т.б.). Сондай-ақ пандемия кезінде  азық-түлікпен қамту  бағдарламасы жұмыс істейді (Бұл қатаң карантинде жатқандарға қажет болған жағдайда тегін азық-түлік тарату).

 VOX басылымы:

«Қабылданған заң жобасы Конгрестің коронавирусқа қарсы жасап жатқан шараларының айтарлықтай жақсарғанын көрсетеді. Алайда ескерілмеген мәселелер әлі де бар. Заң жобасының келесі бір жиынтығы жұмысшыларға, шағын кәсіпорындарға және басқа да зардап шеккен салаларға қаржылай көмек көрсетуге бағытталады. Дегенмен, нақты шаралар әлі де талқыланып жатыр» дейді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз