Панама-Сити-Бич қаласында жағалауда балық аулап тұрған ер адамның қармағына ірі балға-балық ілікті, деп хабарлайды news.bigmir.net.
Ер адам отбасымен жағажайда демалып жатып, балық ауламақшы болады. Оның айтуынша, балық қармаққа ілмек суға түсісімен бірден іліккен.
«Балға-балық аулаймыз деп ойламадық, қармақты лақтырған кезде, оған не ілігетінін ешкім де білмейді», – деді ол.