Нұр-Сұлтан
Қазір
-3
Ертең
15
USD
444
-0.87
EUR
476
-0.84
RUB
4.82
0.00

АҚШ президенті Назарбаевты еліне шақырды

Екі ел көшбасшылары биылғы 21 мамырда Эр-Риядта өткен «Ислам әлемі – АҚШ» саммиті аясындағы алғашқы кездесудің Астана мен Вашингтон арасындағы ынтымақтастықты нығайту ісіндегі маңыздылығын атап өтті.

Нұрсұлтан Назарбаев АҚШ Президентіне биылғы 10-11 қыркүйекте Астанада Ислам ынтымақтастығы ұйымының ғылым және технологиялар жөніндегі саммиті өтетінін айтты.

Мемлекеттер басшылары Қазақстан мен Америка қарым-қатынасының жағдайын және оның даму перспективаларын талқылады. Бұл ретте тараптар екіжақты сауда-экономика саласындағы өзара іс-қимылды нығайту туралы уағдаласты.

Президенттер өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты.

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанда биылғы 29 тамызда жұмысын бастаған Төмен байытылған уран банкінің жаһандық қауіпсіздікті нығайтудағы маңыздылығына назар аударды.

Екі ел көшбасшылары Америка-Ресей қарым-қатынастарының жағдайына жеке тоқталды. Қазақстан Президенті Вашингтон мен Мәскеу арасындағы диалогтың жақсаратынына сенім білдірді.

Дональд Трамп Нұрсұлтан Назарбаевты Вашингтонға ресми сапармен келуге шақырды.

Мемлекеттер басшылары әңгіме соңында екі жақтың да мүдделі болатын мәселелері жөніндегі тұрақты диалогты қолдауға ниетті екендіктерін білдірді.

Телефон арқылы сөйлесуге АҚШ жағы бастамашы болды.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз