Нұр-Сұлтан
Қазір
-8
Ертең
-12
USD
499
+0.17
EUR
523
+3.12
RUB
4.81
-0.04

АҚШ халқы Үлкен Джордж Бушпен қоштасты (видео)

177

Капитолийдегі АҚШ парламентінің «жүрегі» саналатын Ротонда күмбезіне мемлекеттік ту жабылған табытты алып келді. Осы күмбезде екі күн бойына америкалықтар құрмет көрсетіп, гүл шоқтарын қойып бұрынғы президенттерімен қоштасты деп жазады Азаттық.

Қоштасу рәсіміне АҚШ президенті Дональд Трамп, бұрынғы төрт президент, Джордж Буштың отбасы, көрнекті саясаткерлер, үлкен Буш кезінде өзі әріптес болған бірнеше мемлекеттің бұрынғы басшылары қатысты.

Қоштасуда бірінші болып сөйлеген тарихшы Джон Мичем үлкен Джордж Бушты «соңғы көрнекті сарбаз-президент», қиын кезеңдердегі «қорғанымыз» деп атады. Сөз сөйлегендердің кейбірі естелігінде бұрынғы президенттің әзілдеп, өзін-өзі мысқылдауды ұнатқанын айтты.

Рәсімде үлкен Буштың ұлы, АҚШ-тың 43-президенті кіші Джордж Буш та сөйледі.

Буштың жанұясы сөз сөйлегендерден ешқандай саяси мәлімдеме жасамауды сұраған. Дегенмен, кейбір бақылаушылар алғашқы қатарда бұрынғы үш президентпен және олардың әйелдерімен бірге отырған президент Дональд Трамп өзіне дейін президент болған Барак Обамамен және оның әйелімен ғана қол алысқанына назар аударған.

Қоштасу рәсімінен соң үлкен Джордж Буштың мүрдесі салынған табытты ұшақпен Хьюстонға алып кетті. Бұл жерде бұрынғы президентпен оның отбасы қоштасады. Үлкен Джордж Буш 6 желтоқсан күні Техастағы өзінің атындағы президенттік кітапхананың аумағына, жеті ай бұрын қайтыс болған зайыбы Барбара мен 1953 жылы үш жасында шетінеген қызы Робиннің қасына жерленеді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз