Бірақ тек Жаңа жылға дейін ұстап тұруы мүмкін. Ал кейін босата салуы да ықтимал.
Экономист Ерлан Ибрагим 2020 жылдың басына дейін ешқандай өзгеріс болмайтынын айтады. Яғни 420 дейін (немесе 350 — кері жағдайда) өспейді.
— Алайда былтыр мен 2019 жылы доллар 400-ден асады деп ойладым. Бірақ белгілі саяси оқиғалар курсты “сақтауға” мәжбүр етті, – деді сарапшы.
“Ақша билігі” сол баяғы саяси тұрғыдан одан әрі осы әрекетті жалғастырады деп санайды. Егер доллар 400 теңгеге жететін болса, жалпы алғанда бұл аз ғана көтерілу — 10%-дан аз. Бірақ, екінші жағынан, 400 — психологиялық шек, Жаңа жылға дейін долларды осы бағанға дейін жеткізбеуге тырысады.
— Ұлттық банк қазір бағамға әсер етіп жатқан сыңайлы
— деп қосты ол.
Алайда, кейбір экономистер теңгенің бүгінгі күні бағаланбағанын айтса да, Ибрагим бұл пікірмен келіспейді.
– Теңгені нығайтуға ешқандай маңызды себептерді көріп тұрған жоқпын. Керісінше, оған инфляция, әлсіз экономика және т.б. қысым жасап жатыр. Дегенмен, әзірге ол толық байқалмайды, – деді ол.
2020 жылы жағдайды болжау қиын — бағамның құрылуына көп фактор әсер етеді. Негізгілерінен — мұнай бағасы.
— Егер олар қазіргі дәлізде қалатын болса, маңызды өзгерістерге ұшырамайды. Бірақ ірі халықаралық қаржы институттарының мұнай бағасының төмендеуіне болжамдары бар, бұл жағдайда теңге де төмен түседі, — деп түйіндеді Ибрагим.
Экономист Әсет Наурызбаев “курсқа жасанды әсер етудің” конспирологиялық теориясына сенбейді. Ол қазір нарықтық тетіктер жұмыс істейді деп санайды.
— Ешқандай сөз байласу жоқ. Бағамға сұраныс пен ұсыныс әсер етеді: долларды қымбатырақ сатып алуға көп клиент келсе бағам өседі, арзандаса — құлдырайды. Бұл нарықтық жағдай — деді ол.
Ұлттық банк кейде теңгелік массаны қажет еткен ұлттық компаниялардан валютаны тікелей сатып ала алады
— Қазақстанда валюта сатып алатын және сататын 20 трейдер бар. Бұл өте кішкентай әлем, барлығы бір-бірін таниды, ал Ұлттық Банк ірі клиенттерін тіпті таниды. Егер ҚазМұнайГазға салық төлеу үшін 100 млн доллар сату қажет болса, реттеушілер бағамды теңселтпеу үшін оларды біртіндеп сатып алады. Биржаға бұл ақша қойылмайды, – деді Наурызбаев.
Наурызбаевтың пікірінше, бұрын ұлттық валютаға алыпсатарлық шабуылдар болған. Бірақ соңғы рет тек 2018 күзінде тіркелді. Сарапшы осыдан кейін Ұлттық банк араласып, кінәлілерге ескерту жасады деп санайды.