Ауылды аңсап аттанамын. Амал не, торығып қайтамын.
24.11.77
Ескерткіштерін сақтай білмеген елдің ұлттық танымы мен сана-сезімі күңгірт тартады. Ондай халық ерік-күші жағынан да, рухани жағынан да әлжуаз болады. Сыртқы күштердің әсер-ықпалына талғаммен қарай алмайды, оп-оңай жетегіне ілесіп жүре береді. Ақырында құрып бітеді немесе мүлде басқа сапаға айналады.
29.01.78
Құрманғазы дүние дидарындағы мың-сан құбылысты дыбыс қалпында қабылдаған болу керек.
“Қазақ әдебиеті” газетінің әлеуметтік желідегі парақшасынан