ҚР Парламенті Мәжілісі төрағасының орынбасары Владимир Божко Астананың бұрынғы кезін есіне алды.
Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлады.
Владимир Божко
“Мен алғаш рет Астанаға 1989 жылы келгенмін, Мемлекеттік қауіпсіздік комитеті басшысының орынбасары болып жұмыс істедім. Бұл шағын, тыныш провинциялық қала болатын. Сол жағалауда саяжайлар ғана болатын, ал үйлер енді-енді салынып жатқан.
Қазір президент сарайы мен көпір тұрған жерде менің саяжайым орналасқан. Жақсы саяжай болатын. Кейін біз көшіп кеттік. 1997 жылы келгенде саяжай әлі тұрды.
Ал даму басталғанда жаңа өзгерістерді бақылаған қызық еді. Мұндай бұрын-соңды болмаған”, – дейді Божко.
“Екі-үш апта қаланы араламасаң таңғалатын кездер болатын. Ештеңе жоқ жерде үй қабырғасы көтеріліп жататан. Динамика керемет. Сол кезде президент Астанада 270 мың адам тұрады десе, қазір оның саны 1 миллионға жетіп отыр. Керемет, әдемі қала!” – дейді Владимир Божко.
Бүгін Қазақстанда Астана күні тойланып жатыр. Сонымен қатар, бүгін Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың туған күні. Ол кісі 78 жасқа толды.