Ақмола облысындағы Шұбарағаш ауылында екі бала өз үйінде электр сымының қысқа тұйықталуынан кейін болған үйдің бықсып жануынан жиналған түтінге ыстанып қаза тапты. Қайғылы оқиға 1 желтоқсан күні түскі уақытта болған. 2017 және 2021 жылы туған балалар ажал құшқан.
Алдын ала мәлімет бойынша, қайғы жеке үйге электр тоғының тұйықталуы мен түтіннің салдарынан келген. Бұл отбасының өзге елден көшіп келген қандастар екені белгілі болды. Отағасы бір апта бұрын шетелге Моңғолияға кеткен. Қысқа тұйықталу орын алған кезде аналары үй шаруасымен сыртқа кеткен.