Нұр-Сұлтан
Қазір
5
Ертең
20
USD
519
+0.27
EUR
592
-4.15
RUB
6.27
-0.10

Ақмолада 8 жасар батыр қыз үш бауырын жанып жатқан үйден аман алып шыққан

“Көршіге бардық ол ұйықтап жатыр екен. Маманың құрбысы Лида тәтеге бардық ол үйінде жоқ екен. Сосын сарайда отырдық 12 жарымға дейін, мама келгенде шатыр құлады. Дәуіт айтты мен рубашкада отыра берем мынаны Маликаға жап деп. Сосын Маликаны орап, мама келгенше 2 жарымға дейін отырдық. Үйдің отқа оранып, шатырының ортасына түскенін көргенде де қорыққан жоқпын»,- дейді кішкентай ғана қайсар қыз.

Ал, аналары Алмагүл Еркімбаева сол түні жұмыста болған.  Алты баланы жалғыз тәрбиелеп отырған Алмагүл жергілікті дәмханалардың бірінде аспаздың көмекшісі болып істейді.

“Мен жұмыста болдым. Негізгі табысым осы. Жолдасым қайтқан. Алты балам бар. Өрттің неден шыққанын білмеймін. Пеш жаққан жоқпыз”, – дейді  Ақмола облысының тұрғыны Алмагүл Еркімбева.

Бір қуантарлығы, үй иелері Алмагүлден ешқандай өтемақы талап етпеген. Ал қазір Красный яр халқы ел болып бұл жанұяға көмек көрсетуде.

“Менің риза болып отырғаным 8 жасар қыздың ерлігі. Өзінің ғана қара басын ойламай барлығын алып шыққандығы. Елдің адамдары қолдарынан келгенше көмектесіп жатыр. Киім – кешек, көмектесем деген адамдардың легі шығып жатыр”, – дейді Красный яр мешітінің бас имамы Науан Мүтәлұлы.

Қазір отбасы басқа пәтерді жалдап тұрады. Өртенген үйде азын-аулақ тұрмыстық техникалары мен балаларының құжаттары кеткен. Оның орны толар, бастысы балаларым аман,- дейді Алмагүл.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2025 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз