Нұр-Сұлтан
Қазір
6
Ертең
10
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

Ақмола облысында жоғалған зейнеткердің денесі табылды

Зейнеткерді іздеу жұмыстарына ТЖД, полицияның, құтқарушылардың барлық күші жұмылдырылған. Оларға жергілікті тұрғындар да, облыс орталығынан келген еріктілер де көмек көрсеткен. Алайда бұл шаралар нәтижесіз болады.

29 қыркүйек күні, сағат 15.10 кезінде зейнеткердің мүрдесін Зеренді ауданы, Викторовка ауылынан 10 шақырым жердегі орман алқабынан бақташы кездейсоқ көріп қалып, тиісті орынға хабар береді. Арнайы тану шараларының нәтижесінде бұл 11 қыркүйек күні жоғалған 71 жастағы Валентина Чекинаның мүрдесі екені анықталды.

Мүрдеде ешқандай зорлық белгілері байқалмайды. Алдын ала болжам бойынша зейнеткер өлімінің себебі – суыққа шалдығу болып табылады.

Фото: © Sputnik / Константин Чалабов

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз